11:23, 20 Қазан 2016 | GMT +5
Ресейдің әйелдер құрамасы жарыс алаңына хиджаб киіп шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын футбол бойынша Ресейдің әйелдер құрамасы Иранда жергілікті ұлттық командамен екі жолдастық кездесу өткізді. Кездесулер Тегеранда өтті. Бірінші ойында екі құрама тең түсті - 3:3, екінші кездесуде ресейліктер басымдық көрсетті - 5:3, деп жазады Газета.ру.

Атап өту керек, ойын кезінде алаң иелері ғана емес, сонымен бірге ресейлік спортшылар да хиджаб киді.