09:14, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Ресейдің Әзірбайжандағы жаңа елшісі тағайындалды
БАКУ. Ақпанның 27-сі. Қазақпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлағанындай, Дмитрий Медведевтің ақпанның 24-індегі Жарлығымен Владимир Дорохин Ресейдің Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.В.Дорохин бұған дейін РФ Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі болған. В.Дорохинге дейін елші қызметін Василий Истратов атқарып келген.