13:14, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ресейдің бал билері бойынша тоғыз жасар чемпионы жол апатынан көз жұмды
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Апат «Дон» федеральды тас жолында орын алған. Бала ата-анасымен бірге «Мәскеу шырақтары» атты халықаралық турнирдан келе жатқан,
жол бойында көліктің екі доңғалағы жарылғандықтан, баланың ата-анасы арнайы белгі қойып, эвакуатор шақырады. Алайда, арнайы белгіге қарамастан, мәшинаны жүк көлігі келіп соғады, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Бала оқиға орнында көз жұмды, оның ата-анасы қандай жағдайда екендігі белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі ұйықтап кетіп, көлікке ие бола алмаған.