Ресейдің бас санитарлық дәрігері футбол жанкүйерлеріне Уэльстегі ойынға бармауға кеңес берді
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Ресейдің бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко, ел құрамасының футбол жанкүйерлеріне 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Уэльс командасымен өтетін ойынға бармауға кеңес берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиостансасына сілтеме жасап.
Ойын қыркүйектің 9-ында Каридиффте өтеді. Онищенконың айтуынша, Ұлыбританияда А/H1N1 тұмау вирусының эпидемиялық көрсеткіші тым жоғары. Тұмау нағыз өршіген тұста ол жаққа барудың қажеті жоқ. Бас санитарлық дәрігер, А/H1N1 тұмауымен ауырған ресейліктердің көбісі вирусты дәл осы Ұлыбританиядан жұқтырып келгендерін еске салып отыр.
Футбол матчы кезінде стадионға көп адам жиналады. Олар жай қарап отырмай, эмоцияларын айқайлап білдіреді, ал бұл жағдай А/H1N1 тұмауын жұқтырудың ықтималдығын арттырады.