15:26, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Ресейдің бизнес үшін ең қолайлы қаласы белгілі болды
МӘСКЕУ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат – Forbes-тің орыс тіліндегі басылымның мәліметтері бойынша Краснодар бизнес үшін ресейлік ең таңдаулы қала болып танылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Сондай-ақ бизнес үшін қолайлы бестікке Қазан, Самара, Екатеринбор,және Новосібір қалалары енді. Зерттеуге Мәскеу, Санкт-Петербор және Солтүстік Кавказ қалалары қатыстырылған жоқ. Биылғы жылы басылым халқы саны жағынан ірі 30 қаладағы жағдайға талдау жасады. Сондай-ақ қаладағы іскерлік ахуал, инфрақұрылым және бизнеске жасалған жеңілдіктер, қалаға келген кәсіпкерлерге жасалған жайлылық ескерілді.