Ресейдің бренд тауарларының үштен бірі жасанды болып шықты
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ресейдегі бренд деп көпшілікке танымал болып жүрген киімдердің жалпы көлемінің 37 пайызы жасанды болып шықты, деп хабарлайды Лента.ру елдің Ішкі істер министрлігінің Экономикалық қауіпсіздік департаментіне сілтеме жасап.
Қауіпсіздік департаментінің мәліметтері бойынша, 15-тен 30 пайыздық парфюмериялық-косметикалық тауарлар, тұрмыстық химия мен тамақ өнімдері контрафактілік тауарлар болып табылған.
Олар негізінен Оңтүстік Батыс Азиядан, Болгария мен Түркиядан, Үндістан, Польша, Украинадан әкелінген екен.