Ресейдің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі священник атанды

None
None
МӘСКЕУ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Ресейдің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Юрий Шевченко священник атанды.
Бұл туралы ақпарат құралдарына Мәскеу патриархатының баспасөз қызметінен хабарлады. Осыдан бір ай бұрын арнайы рәсімнен өткен Шевченко Пирогов атындағы Ұлттық медицина-хирургиялық орталықтың жанындағы храмда демалыс күндері қызмет етеді. Бұрынғы министрдің айтуынша, ол екі жылдық діни семинарияны тәмамдаған. 1999 жылы денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалғаннан кейін, Шевченко патриарх ІІ Алексийден, төңкеріске дейін биржа болған Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратында арнайы дәріптеу рәсімін орындауды өтінген болатын.
Соңғы жаңалықтар
telegram