Ресейдің ең ауқатты шенеунігі Улан-Удэде тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Улан-Удэ қалалық кеңесінің мүшесі Вадим Бредний Forbes нұсқасы бойынша Ресейдің ең дәулетті шенеуніктер мен депутаттар тізімінде бірінші орын алды.

Ресейдің ең ауқатты шенеунігі Улан-Удэде тұрады

Басылымның дерегі бойынша, өңірлік депутат пен оның жұбайының меншігінде 20 жер учаскесі, бес тұрғын үй - оның екеуі Таиландта орналасқан, автомобильдер, қарда жүретін көлік, кеме және моторлы қайық бар. 2016 жылы жұптың жалпы табысы  2,8 млрд рубльді құрады (46 млн доллар), деп хаарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Вадим Бредныйдың жұбайы «Титан» компаниясының атқарушы директоры қызметінде. Улан-Удэ депутаты Forbes-тың алдыңғы рейтингіне ілікпеген.

Бұл тізімде екінші орында сенатор Валерий Пономарев тұр, ол, Forbes-тың дерегі бойынша, Камчаткадағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі саналатын «Океанрыбфлот» балық өнеркәсібі компаниясының иегері. Оның өткен жылғы отбасылық табысын басылым 2,6 млрд рубль деп бағалайды (43 млн доллар).

Рейтингтегі үшінші орын - Татарстан республикасының басшысы Рустам Миннихановқа тиесілі. Оның отбасының табысы 2016 жылы 2,3 млрд рубльді (38 млн доллар) құрайды. 

Фото: ALEKSEY SMYSHLIAEV/TASS