Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мысырға ұшуларды тоқтата тұруды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ ФҚҚ директоры Мысырға ұшырылымды тоқтатуды ұсынды. Ведомство басшысының пікірінше, «Airbus A321» апатының себебі анықталғанша осылай жасау қажет.
«Болған оқиғаның нақты себептерін анықтағанша ресейлік авиацияның Мысырға ұшырылымын тоқтата тұру орынды деп санаймын. Бұл, негізінен, туристік арналарға қатысты», - деді Александр Бортников. Ол апат себептері жайлы объективті және расталған деректер қажеттігін атап өтті.