Ресейдің Финляндиямен шекарасының тұсында автобус аударылды, қаза тапқандар бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ-ның Ленинград облысына қарасты Выборгский ауданында Петербургтен Финляндияға бара жатқан туристері бар автобус аударылды, деп хабарлайды Би-Би-Си  агенттігі.

Бастапқы мәліметтер бойынша, жол апатынан үш адам қаза тауып, 20 адам зардап шеккен. Мемлекеттік жол қозғалысының қауіпсіздік инспекциясы (МЖҚҚИ) апат жолдың тайғақ болуы салдарынан орын алды деп болжауда.

Апат жергілікті уақытпен сағат 08:55-де Финляндия шекарасынан 16 шақырым қашықтықта «Скандинавия» тасжолында болған, деп хабарлайды Ленинград облыстық үкіметінің баспасөз қызметі.

Өңірлік МЖҚҚИ баспасөз қызметі автобуста 32 адамның болғандығын және жарақат алғандардың көп екендігін мәлімдеді. «Алдын ала деректер бойынша, жол-көлік апатының салдарынан үш адам қаза тауып, 20 адам зардап шекті», - деп хабарлады МЖҚҚИ-де.

Yutong маркалы автобус жол шетіндегі жыраға түсіп кетіп, аударылған. Жер көктайғақ болды, деп нақтылады мемлекеттік жол инспекциясы.

Автобустағы адамдардың дені Ресей азаматтары екендігі мәлім болды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram