Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков баласынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің халық әртісі Сергей Безруковтың өкіл баласы Андрей Ливанов Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды, деп жазады rg.ru.
Ол Мәскеу губернаторлық театрының әкімшісі болып қызмет атқарған. Оның жұмысқа шықпағанынан күдіктенген театр қызметкерлері үйіне іздеп барады. Есіктің қоңырауына, телефонға ешкім жауап бермеген соң әріптестері «Жедел жәрдем» мен құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған. Құтқарушылардың айтуынша, өз пәтерінен табылған оның мүрдесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын ол ыстығы көтеріліп, ауырып жүрген екен. Андрей - белгілі ресейлік актер Игорь Ливановтың ұлы. Анасы Ирина бірінші күйеуімен ажырасқан соң Сергей Безруковқа тұрмысқа шыққан еді.