20:48, 18 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ресейдің Ханты-Манси автономиялық округінде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні күндіз Ресейдің Ханты-Манси автономиялық округінде жеке меншіктегі бір моторлы ұшақ құлап, екі адам зардап шекті.
«Жеңіл моторлы ұшақ Нефтеюганск қаласының оңтүстігінен 45 шақырым қашықтыққа құлаған. Оның бортында болған екі адам да түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттар алды», деп жазады РИА Новости. Зардап шеккендер тікұшақпен Сургут қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталуда.