08:09, 15 Сәуір 2022 | GMT +5
Ресейдің Қара теңіздегі «Москва» крейсері суға батып кетті
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат - «Москва» зымыран крейсерін тұратын орнына сүйреп алып бара жатқан кезде корпусы зақымдалуы салдарынан зымыран кемесі суға батып кетті. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша крейс корпусы оқ-дәрілер жарылып, өрт шыққаннан зақымдалған.
«Москва» крейсерін тұратын орнына тіркеп сүйреп алып бара жатқан кезде кеме корпусының зақымдалуына байланысты орнықтылығын жоғалтқан. Теңіздегі дауыл салдарынан кеме батып кетті», - деді Ресей әскери ведомствосы.
Крейсер экипажы Қара теңіз флотындағы басқа кемелерге эвакуацияланды.