Ресейдің Қаржы министрлігі көлемі 10,8 караттан жоғары алмаздарды сату жөнінде аукцион өткізеді

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - РФ Қаржы министрлігі 2010 жылғы қазанның 26-сында ішкі рынокте 10,8 караттан жоғары (2,16 грамм) арнайы көлемдегі алмаздарды сату жөнінде ашық аукцион өткізеді,

Ресейдің Қаржы министрлігі көлемі 10,8 караттан жоғары  алмаздарды сату жөнінде аукцион өткізеді

деп хабарлайды РБК.

Аукцион Мәскеу қаласында РФ Мемкүзет (Мемлекеттік қордағы бағалы металдар мен бағалы тастарды қалыптастыру және Қаржы министрлігі жанындағы бағалы металдар мен бағалы тастарды сату мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік мекеме) аумағында ұйымдастырылмақшы. Аукционға Ресейдің осы аталған тасты өңдеу ұйымдары қатыстырылады. Саудада лотқа сатуға қойылған затқа ең жоғары баға белгілеген Ресейдің өңдеу ұйымдары жеңімпаз деп танылады.