Ресейдің қазақ жастары Дүниежүзілік қазақтар құрылтайында спорттық бағдарламаларға қатысады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жолдастық кездесулерге Мәскеудің, Новосібірдің, Омбы мен Самара және Саратов облыстарының командалары қатысты. Омбыдан Сібірдің "Мөлдір" қазақ мәдени орталығының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жүнісованың жетекшілігімен 19 футболшы тамыздың аптабында автобуспен 36 сағаттан астам жол жүріп келді. Соған қарамастан, мықтылықтарын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Саратов облысының құрама командасы алды, ал үшінші орынға Мәскеу және Новосібірдің біріккен құрамасы ие болды. Сондай-ақ, медальдар мен мақтау қағаздары салтанатты жағдайда "Ең үздік қорғаушы", "Ең үзік шабуылшы" аталымдары бойынша да табыс етілді", деді Күлғазира Балтабаева.
Оның айтуынша, мұндай шара Ресей ауқымында бірінші рет өткізілген. "Жарыстың барлық ұйымдастыру және қаржылық қолдауын "Рухани жаңғыру" қоры өз мойнына алды. Оны Саратов облысының қоғам қайраткері, танымал кәсіпкер, фермер Бейсембай Шарлапов басқарады", деді ол.
Құрылтайда ресейлік қазақтардың қарсыластары Батыс Еуропаның екі командасы, Сондай-ақ, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Түркияның командалары болмақ.
Жарыстың мақсаты - Астана қаласында өтетін құрылтайдың спорттық бағдарламасына қатысушы ретінде ресейлік қазақтар атынан құрама команда жасақтау. Бұған дейін хабарланғандай, құрылтай биылғы жылдың күзіне жоспарланған.