Ресейдің Қазақстандағы Елшісі скрипкашы А.Мұсақожаеваға Достық орденін табыс етті

АНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Мұсақожаева Ресей Федерациясының Достық орденімен марапатталды. Марапатты салтанатты жағдайда Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарников бүгін, кешқұрым «Шабыт» шығармашылық үйінде табыс етті.
None
None

Қазақстандық скрипкашы, Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Ресей Федерациясының мемлекеттік наградаларымен шетел азаматтарын марапаттау туралы 2010 жылдың 4 қазанындағы жарлығына сәйкес, Ресей Федерациясымен мәдени байланыстарды дамытуға, шет елдерде орыс мәдениетін танытуға және сақтауға қосқан зор үлесі үшін марапатталды.

Орденді табыс еткен М.Бочарников А.Мұсақожаеваның Қазақстан мен Ресейдің өнер саласын дамытуға қосып жүрген сүбелі үлесін, үлкен еңбегін атап өтті: «Мен Ресей Федерациясы президентінің тапсырмасын үлкен құрметпен орындай отырып, бұл жоғары мемлекеттік награданы Айман Мұсақожаеваға табыс етемін», - деді.

Өз кезегінде скрипкашы ресей басшылығына алғысын білдіріп: «Бұл тек менің ғана емес, мен арқылы барлық қазақстандық өнерге берілген награда деп білемін», - деп атап өтті.

А.Мұсақожаева П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында білім алды. Бүгінде оның белді профессоры. Сондай-ақ, П.Чайковский атындағы байқаулардың лауреаттары халықаралық қауымдастықтың мүшесі, В.Ямпольский, Д.Ойстрах және Демидовский атындағы ресейлік және халықаралық байқаулардың қазылар алқасының тұрақты мүшесі. 1998 жылы Астанада ашылған Қазақ Ұлттық музыка академиясының, 2010 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінің бүгінгі күнге дейінгі ректоры.

Айта кетейік, скрипкашылар арасында Достық Ордені бұған дейін Владимир Спиваковқа берілген болатын. Ал Қазақстанның мәдениет қайраткерлері арасында бұл награданы театр әртісі Владимир Толоконников және Қазақстан мен Ресейдің атақты дирижері Фуат Мансұров ие болған еді.

Осы тарихи маңызды оқиғаның құрметіне қазақ халқының әртісі А.Мұсақожаева және оның жетекшілігіндегі «Солистер академиясы» (дирижері Абзал Мұхитдинов) оркестрі концерт берді. Бағдарламада П.Чайковскийдің «Толғану», Астор Пьяцолланың «Портенас» жыл мезгілдері шығармалары орындалды.

Соңғы жаңалықтар