Ресейдің Краснояр өлкесінде 12 вагон рельстен шығып кетті
АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснояр өлкесінде Джебь-Щетинкино өткелінің 603-ші шақырымында 13 тауарлы вагон рельстен шығып кетті.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Сібір өңірлік орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Оқиға бүгін таңертең мәскеу уақыты бойынша 8:10-да орын алған. Ағаш материалдары тиелген 5 вагон, ас тұзы тиелген 1 вагон, 2 бос вагон мен 5 цистерна рельстен шығып аударылған.
Хабарланғанындай, қоршаған ортаға төнген қауіп жоқ. ТЖМ және пойыздарды жөндеу-қалпына қызметкерлері оқиға орнына аттанды.