Ресейдің Краснояр өлкесіндегі өрттен 5 адам құрбан болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснояр өлкесіндегі Сухобузимское ауылында құтқарушылар жанып кеткен иесіз үйден 5 адамның мәйітін тапты. Олардың 4-уі балалар. Бұл туралы ТЖМ өңірлік басшылығының сайтында жарияланды, деп хабарлайды lenta.ru.
Тағы бір бала иіс тиіп, орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір онымен психолог жұмыс жүргізуде.
Далалы аймақта ағаш ғимараттың өртеніп жатқандығы туралы ақпарат тұрғындардан келіп түскен. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 3 дана техника жұмылдырылған. Өрт 40 минуттан соң сөндірілді.
Тергеушілер болған оқиғның екі себебі болуы мүмкін деп отыр. Олардың бірі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаумен байланысты болса, екіншісі от жағуда жіберілген олқылық.
23 шілде күні Челябі өлкесінің Верхняя Кабанка ауылында болған өрт кезінде 4 бала мерт болған еді. Өрт кезінде үй иесі 3 қызымен және 1 немере қарындасымен бірге болған. Өрттен тек ер адамды ғана құтқарып қалу мүмкін болды.