Ресейдің Красноярск қаласында наркологиялық клиника өртеніп, 4 адам қайтыс болды

КРАСНОЯРСК. НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Красноярск қаласындағы жекеменшік наркологиялық клиникадағы өрттен 4 адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

17 қыркүйек күні сағат 03:46-да (Мәскеу уақытымен 23: 46) Красноярскідегі Мир даңғылында орналасқан «Таза қала» жеке наркологиялық клиникасынан өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша өрт салдарынан 6 адам зардап шегіп, төртеуі қайтыс болды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Бірінші қабаттағы кабинетте 10 шаршы метр алаңда өрт шығып, өрт сөндірушілер алты адамды құтқарған. Ғимаратта адамдардың бар-жоқтығына тексеру жүргізілді, жалын сөндірілді.

Оқиға орнына эвакуацияланған адамдарды жылыту үшін автобус жіберілді. Клиникадан 16 адам құтқарылды, 12 адам тұрғын үйдің кіреберісінен эвакуацияланды, оның ішінде бір бала бар.


Соңғы жаңалықтар