Ресейдің Ленинград облысында мінәжат етушілер мінген автобус аударылды

АСТАНА.  Тамыздың  10-ы.  ҚазАқпарат  - Ресейдің   Ленинград облысында    жолаушылар  мінген автобус жеңіл көлікпен  соқтығысып қалды,  деп  хабарлады Ресей Ішкі істер министрлігінің   Жол  қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз  ету    департаментінен.

Ресейдің Ленинград облысында мінәжат етушілер  мінген   автобус  аударылды

Алдын-ала мәліметтер  бойынша,  жол апатының салдарынан  15 адам зардап шеккен,  бірнеше адам ауруханаға түскен,  деп  хабарлайды РБК агентігінен.

Монастырлардың бірінен   Санкт-Петербор жаққа   қайтып  бара жатқан   мінәжат етушілер мінген Volvo   автобусы жексенбі күні Новая Ладога - Зуево жолының  108-ші шақырымында  Волхов ауданы  тұсында  Daewoo Matiz  көлігімен  соқтығысып  қалған.   Жеңіл көліктің рулінде отырған  әйел  екінші кезектегі  жолдан  шыға берісте автобусқа жол бермеген.    Автобус  жүргізушісі  соғысудан  қашып,    жолдың шетіне     аударылған.     Органның  мәліметтері  бойынша, апат кезінде   автобуста 45 адам болған.