Ресейдің Магнитогорскісінде зардап шеккендерге төленетін төлем көлемі ұлғайтылады
Челябинск облысының бюджеті есебінен берілетін төлемдер 66 млн рубльден 93 млн-ға дейін көбей. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.
«Челябинск облысының губернаторы Борис Дубровскийдің шешімімен Магнитогорск қаласындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге берілетін аймақтық төлемдер көлемі 93 млн рубльға дейін көбейтілді», - деп атап өтті баспасөз қызметі Челябинск облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Челябинск облысының губернаторы аймақтық үкіметтің үйдің опырылып құлауынан қаза тапқан және зардап шеккен адамдардың отбасыларына көрсететін материалдық көмек көлемін бекіткен: қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне - 1 млн рубль, денсаулығына ауыр немесе орташа зиян тиген азаматтарға - 400 мың рубль, денсаулығына жеңіл зиян тиген азаматтарға 200 мың рубль. Сондай-ақ мүлкінен айырылған азаматтарға 50 мыңнан 500 мың рубльге дейін материалдық көмек көрсетіледі.
Еске сала кетейік, 31 желтоқсан күні таңертең Магнитогорскіде тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінде шатыр арқалығы опырылып түскен. Оқиға салдарынан 39 адам опат болды. Қайғылы оқиға бола сал 18 адам құтқарылған, тағы алты адам, соның ішінде екі баланы құтқарушылар үйінділердің астынан алып шықты. Іздеу-құтқару операциясы үш күнге созылды.