Ресейдің мұнай қоры 28 жылға ғана жетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арада Ресейде мұнайды өндіру күрт төмендеуі мүмкін. Өйткені шикізат қоры күрт азайып барады, ал тереңде жатқан мұнайды ала алатын технологиялар кәсіпорындарда жоқ.
Бұл туралы РФ Табиғат министрлігінің басшысы Сергей Донской мәлім етті. Ол ел аумағындағы «қара алтынның» стратегиялық қоры жайлы осылай мәлім етті. Министрдің айтуынша мұнай қоры 28 жылға ғана жетуі мүмкін. «Жеңіл мұнай» ресурсының шектелуіне байланысты мұнайды өндіру көлемі азаяды, деп хабарлады piter.tv.