11:35, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Ресейдің Нижегород облысында өрт салдарынан сегіз адам қаза тапты
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Нижегород облысының Балахна қаласында қайғылы оқиға орын алды.

Тұрғын үйден шыққан өрттің салдарынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігінен.
Аймақтық төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Светлана Петрованың хабарлауынша, «өрт туралы хабар түнгі сағат 00.51-де түскен. Сегізпәтерлі ағаштан салынған тұрғын үй өртенген. 150 шаршы метр ауданға жайылған өрттің салдарынан үйдің шатыры ортасына түскен».