Ресейдің Новосибирск қаласында тұрғын үйде газ жарылып, бес адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат – 9 ақпан күні таңертең Ресейдің Новосибирск қаласында Линейная көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің Новосибирск қаласында тұрғын үйде газ жарылып, бес адам қаза тапты

Үй құлағаннан кейін үйінділер астынан бесінші құрбанның денесі табылды.

Бұған дейін қаза болған төртінші адамның денесі табылғаны туралы хабарланған болатын. Дереккөздің айтуынша, оның есімін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кейін Новосибирск облысының денсаулық сақтау министрлігі бес адамның қайтыс болғанын растады. Қайтыс болғандар арасында екі жасар бала да бар.

«Қаза болғандардың бірі – 40 жастағы әйел және 2 жасар бала», - деді агенттік сұхбат беруші.

«Қазіргі уақытта үйінділерді ашу жұмыстары жалғасуда. 10 адамның тағдыры белгісіз, оның ішінде 3 бала бар», - деді дереккөз.


Фото: tass.ru