Ресейдің Омбы қаласында балалар 6 пәтерді өртеп жіберген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбылық жеткіншектер сіреңкемен ойнап жүріп, бірнеше шырпыны жағып, бірінші қабаттағы балконға лақтырған. Салдарынан өрт шығып, алты пәтерге зардабын тигізді, делінген бүгін РФ ІІМ Омбы облысы бойынша басқармасының сайтында.
«Куәгерлердің айтулары бойынша тәртіп сақшылары 7 және 11 жас аралығындағы төрт баланың ойнап жүріп, бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінің балконына тұтанған сіріңкені лақтырғанын анықтады», - делінген ведомство хабарламасында.
Салдарынан балкондағы мүлік отқа оранды. Кейін жалын тұрғын үйге көшіп, алты пәтерге зақым келтірді.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.
Қазір балалармен және олардың ата-аналарымен кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор жұмыс істеп жатыр.