Ресейдің өңірінде ішімдіктен уланғандар саны 8 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Краснояр қаласының ауруханасына «метил спиртінен улану» диагнозымен тағы үш адам келіп түсті, деп хабарлайды РФ Тергеу комитетінің аймақтық басқармасы.

Ресейдің өңірінде ішімдіктен уланғандар саны 8 адамға жетті

Осылайша, қазіргі кезде медициналық мекемеде осы диагноз қойылған жеті адам жатыр, тағы бір ер адам 11 сәуір күні қайтыс болды, делінген хабарламада.

Краснояр өлкесі бойынша Тергеу комитеті ресми өкілінің хабарлауынша, ауруханаға түскендер «Jack Daniel's» жасанды вискиін ішіп уланған. «Бүгін ауруханаға суррогат вискиді ішіп уланған сегізінші адам келіп түсті. Ер адамның ішімдікті қайдан алғаны анықталуда», - дейді ол.

2015 жылдың соңында Краснояр қаласында жасанды вискиден уланған жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі. 

Фото:sputniknews-uz.com