Ресейдің оңтүстігінде қара шегіртке қаптап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің үш аймағында қара шегірткенің қаптап кетуіне байланысты төтенше жағдай режімі енгізілді. Жәндіктер ауыл шаруашылығына қауіп төндіріп отыр. Мыңдаған гектар егістік жер жойылды.
None
None

20 шілдеден бері қара шегірткенің қаптауы он алты ауданда байқалған. Ставрополь өңірін шегірткенің бірден бірнеше түрі жаулап алған, қолданылатын химикаттар оларды жоя алмай жатыр. Азиялық қара шегіртке Ресейдің оңтүстігінің түрлі аймақтарында байқалады, олар шекаралас мемлекеттерден ұшып келген.

Куәгерлер түсірген бейнематериалда жәндіктердің күндіз-түні аспанды көлегейлеп ұшып жүргенін көруге болады, деп хабарлайды tvzvezda. Видеоны мына сілтеме бойынша көруге болады.

Соңғы жаңалықтар