12:44, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Ресейдің Орталық банкі 15 мың рубльден жоғары сомада валюта айырбастаудың жаңа қағидасын енгізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 мың рубльден жоғары сомада валюта айырбастау операцияларын жасағанда банктер клиенттердің оңайлатылған біріздендіруін алып тастайтын Ресей Федерациясы Орталық Банкінің жаңа қағидасы жексенбі күшіне енді, деп хабарлады РИА Новости.Банктер: ОБ жаңа қағидасы валюта айырбастаудағы азаматтар құқықтарын шектемейді.

Бұрын егер азаматқа тек тегі, есімі және әкесінің атын, сондай-ақ төлқұжат реквизитін беру қажет болғанда киленттерге 15 мыңнан 600 мың рубльге дейін валюта айырбастау үшін оңайлатылған біріздендіру қолданылса, енді ресейліктер 15 мың рубльден жоғары сомамен операция жасаған кезде қосымша деректер (тіркелген орны, туылған күні, СБН) ұсынуы тиіс. 15 мың рубльден төмен сомада валюта айырбастау операциясы бұрынғыша төлқұжатсыз жүзеге асырыла береді. Егер сома жоғары болса, клиент төлқұжатын көрсетеді, ал сауалнаманы банктің өзі толтырады, деп түсіндірді ОБ.