Ресейдің Орталық банкі негізгі мөлшерлемені көтерді, рубльдің құны төмендеуде
![None None](/static/img/plug.webp)
Бейсенбі күні Ресей Федерациясының Орталық банкі негізгі мөлшерлемені бір пайыздық пунктке 10,5% дейін көтерді.
Осы шешімнен соң рубльдің құны Мәскеу биржасында төмендей берді: доллар 55 рубльден асты, ал еуро 68,5 рубль деңгейінде саудалануда. Ресей банкі өз шешімін ұлттық валютаның әлсіреуінен туындаған тұтыну бағаларының өсуін тежеу қажеттілігімен түсіндірді. "Қараша айында және желтоқсан айының басында инфляцияның артуы жалғаса берді. 8 желтоқсандағы бағалау бойынша, тұтыну бағаларының жылдық өсу қарқыны 9,4% құрады. 2014 жылдың қараша айында базалық инфляция 8,9% дейін көтерілді", - делінген аталмыш банктің хабарламасында. Ресей Орталық банкі бағаға 2014 жылдың тамыз айында енгізілген сыртқы саудадағы шектеулер де өз әсерін тигізгенін айтады. Банктің директорлар кеңесінің негізгі мөлшерлеме деңгейі туралы мәселелер қаралатын келесі отырысы 2015 жылдың 15 қаңтарында өтеді.