Ресейдің Орынбор облысында төтенше жағдай режімі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Орынбор облысында сауда кешеніндегі өртке және көппәтерлі тұрғын үйдегі газ жарылысына байланысты төтенше жағдай режімі жарияланды, деп хабарлайды ТАСС.
«2 желтоқсаннан бастап Орынбор облысы губернаторының жарлығына сәйкес өңірде төтенше жағдай жарияланды» делінген РФ ТЖМ қалалық басқармасы таратқан хабарламада.
Мәліметке сәйкес, 2 желтоқсан күні Новотроицкте Молодежной көшесіндегі бес қабатты үйдің 4-қабатында газ жарылу оқиғасы болған. Қазір үйге газ берілу тоқтатылған.
Ал күндіз Орынборда Жеңіс даңғылындағы бір қабатты «Мега Мир» сауда үйінің шатыры отқа оранған. Тілсіз жау 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған. 300 шаршы метрдей шатыр опырылып түскен. Жапа шеккендер жоқ. Ғимараттан 40-тай адам қауіпсіз жерге шығарылды.