Ресейдің Приморье өлкесінде 34 жастағы әйелді балаларымен өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Приморье өлкесінде бір отбасының төрт адамы өртеніп кетті. Табылған мүрделер 34 жастағы әйел мен оның 13, 8 және 2 жастағы үш баласы екені анықталды, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі.
Аймақтық ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңертең Артем қаласы полициясының кезекшілік бөліміне тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, жедел жәрдем қызметі, ТЖМ құтқарушылары жұмылдырылған.
«Өрт сөндірілген соң, үй иесі болған 34 жастағы әйел мен 13, 8 және 2 жастағы үш баланың мүрдесі табылды. 13 және 8 жастағы балалардың зорлықпен өлтірілгені байқалады», - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілі.
Көп ұзамай күдікті ретінде, үйдің отағасы, Артем қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жұбайы мен балаларын өлтіргенін мойындап, қамауға алынды.