Ресейдің Приморье өлкесінде 7 жасар баланы ит талап тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеке үйдің ауласында шынжырдан босап кеткен ортаазиялық овчарка РФ Приморье өлкесі Сергеевка ауылындағы досына келген 7 жасар баланы шайнап тастады. Бұл туралы Ресейдің Приморский өлкелік тергеу комитетінің сайтында жазылған, деп хабарлайды lenta.ru. 

Ресейдің Приморье өлкесінде 7 жасар баланы ит талап тастады

Оқиға 13 маусым күні күндіз болған. Куәгерлердің айтуынша, бала жеке үйдің қақпасына келіп, досын көшеге шығуға шақырған. Кейін ол қақпаның астымен үйге кіргенде, ит шынжырдан босап кетіп, балаға тап берген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары итті зиянсыздандырды. Бүлдіршін алған жарақаттарынан қайтыс болды. «Абайсызда өлтіріп қою» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.