Ресейдің Саратов облысындағы қуаңшылық 7 млрд. рубльдің егін-жайын күйдірді, 6 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Саратов облысындағы орын алған биылғы қуаңшылық 7 млрд. рубльдің егін-жай алқабын күйдірді, 6 мың гектар орман алабы өртеніп кетті, деп хабарлайды РБК.

Ресейдің Саратов облысындағы қуаңшылық 7 млрд. рубльдің егін-жайын күйдірді, 6 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті

Биылғы жылғы жазда Саратов облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының күйіп кетуіне және орман өртіне байланысты екі рет төтенше жағдай енгізілді. Табиғи өрттің аумағы 2009 жылғы аумақтан 4 есе асып түсті.

Өңірлік үкімет атап өткендей, ауыр жағдайға - орман шаруашылықтары қызметінің бұзылуы, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы секілді кемшіліктер себеп болған. Жүз орман өртінің тек төрт оқиғасында ғана облыстық орман шаруашылығы министрлігі РФ Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне хабарлаған, ал қалған уақыттарда өрт туралы ақпарат жергілікті тұрғындардың дабыл қағуымен жеткізілген.