04:46, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Ресейдің Саратов облысындағы өзеннен қазақстандықтың мәйіті табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саратов облысындағы Гуселка өзеніні жағасында ойнап жүрген балалар ер адамның мүрдесін көрген, деп хабарлайды om-saratov.ru.
Оқиға орнына барған облыстық тергеу басқармасының тергеушісі Илья Литвиновтың айтуынша, арнаны қамыс басып кеткен, сондықтан құқы қорғаушы мүрдеге құтқарушылар көмегімен әзер жеткен.
«Марқұмның құжаты, ақшасы және телефоны өзінде сақталған. Сол арқылы оның Қазақстан азаматы екендігі анықталып, оның Саратовқа жұмыс істеу үшін келгенін белгілі болған. Өлі денеде жарақат, соққының ізі жоқ. Сондықтан оның өлімі табиғи болуы мүмкін. Алайда оның елді мекеннен алыс қамыстың арасында не істеп жүргенін анықтау керек», дейді тергеуші.