08:34, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ресейдің Сыртқы істер министрлігі «Ардагерлер туралы» РФ Заңының күшін азаматтықтарына қарамастан, барлық ардагерлерге қатысты ету туралы бастама көтерді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейдің Сыртқы істер министрлігі «Ардагерлер туралы» Ресей Федерациясы Заңының күшін азаматтықтарына қарамастан,

Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлеріне қатысты ету туралы бастама көтеріп отыр. Бұл туралы «Победа» Ресей ұйымдастыру комитетінің мәжілісінде Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Александр Яковенко мәлім етті. ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, министр орынбасарының сөзіне қарағанда, заң барлық ардагерлерге, тіпті екіжақты келісімдер жоқ елдердің ардагерлеріне де қатысты болуы керек. «Сонда ғана қосымша шығыстар өзін-өзі ақтайды», деді А.Яковенко өз сөзінде.
Ол сондай-ақ шет елдерде тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының 16 мың ардагеріне 2010 жылы бірреттік материалдық көмек бөлу туралы мәселені шешу ұсынылып отырғанын айтып өтті.