Ресейдiң танымал суретшiсi Никас Сафроновтың Астанада тұңғыш көрмесi өтпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана жұрты Ресейдiң еңбек сiңiрген суретшiсi Никас Сафроновтың толық картиналар жинағының көрмесiн тамашалауға мүмкiндiк алмақ.

Ресейдiң танымал суретшiсi Никас Сафроновтың Астанада тұңғыш көрмесi өтпек

Қазiргi заманғы өнер мұражайында 28 қараша 11 қаңтар аралығында маэстроның классикалық портрет, пейзаж, сюжеттiк композициялар, символизм, Dream Vision стилiндегi 70 туындысы қойылады.

«Алматыда менiң көрмемдi 38 мың адам тамашалаған. Қазақстанда менiң өнерiме қызығушылық танытып жүрген адамдар көп деп ойламаған едiм. Адамдардың өнерге осылай қызығушылық білдіруі - өте жақсы. Бiздiң елдер саясат, экономика салаларында ғана емес, сондай-ақ халықтардың жақындасуына да үлкен мән берiп келедi. Бiздiң құндылықтар ортақ, бастысы - адамдардың ашықтығы. Сiздердiң Президенттерiңiз Нұрсұлтан Назарбаев осының барлығын түсiнедi және екi елдер арасындағы байланыстарға көп күш салуда. Мен Қазақстанды өте жақсы көремiн», - Н. Сафронов.

Бұл - Никас Сафроновтың Қазақстанға осымен төртiншi сапары. Алғаш рет ол елiмiзге 5 жасында табан тiреген және оның жадында Қазақстан "Мың бiр түн" ертегiсi iспеттес ел ретiнде есте қалды. 90 жылдары Никас Алматыда шаңғы тебудi үйрендi. Үшiншi сапарында ол Алматыда көрме өткiздi.

Никас Сафронов - Ресейдiң ең әйгiлi суретшiсi, түрлi жанрларда жұмыс iстейдi. Оның еңбектерi әлемдiк көрмелерге қойылған және Софи Лорен, Ален Делон, Жан-Поль Бельмондо, Пьер Карден, Дайана Росс, Монтсеррат Кабалье, Мадонна, Михаил Горбачев, Никита Михалков сынды жұлдыздардың жеке қорларында сақтаулы жатыр.