Ресейдің Владимир облысында жол апаты салдарынан 25 адам қаза тапты
МӘСКЕУ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Ресейдің Владимир облысында жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдын-ала ақпарат бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жолдың қарсы бетінде келе жатқан автобусты соққан. Жол апатының салдарынан 25 адам оқиға орнында қаза болды. Себебі жол-көлік оқиғасынан кейін автобус бірден өртене бастаған. Қазір құрбан болғандардың саны нақтылануда. Құтқарушылар өрт шалған автобустың ішінен 5 адамды тірі күйінде алып шыққан. Олардың жағдайы туралы әзірге мәлімет жоқ. Қазір оқиға орнында барлық жедел қызметтің мамандары жұмыс істеуде, жолдағы қозғалыс тоқтатылған. Мәлім болғандай, оқиға Мәскеу ?Төменгі Новгород тас жолының бойындағы Петушинский ауданының тұсында орын алған. Жолаушылар көлігі Мәскеуге бара жатқан.