Ресейдің Владимир облысындағы жол апаты салдарынан 14 адам қаза тапты ? нақтыланған мәліметтер

МӘСКЕУ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Ресейдің Владимир облысында жүк көлігінің жолаушылар автобусымен соқтығысып қалғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Ресейдің Владимир облысындағы жол апаты салдарынан 14  адам қаза тапты ? нақтыланған  мәліметтер
Алдын-ала ақпарат бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі рөлде қалғып кетіп, жолдың қарсы бетінде келе жатқан автобусты соққан. Жол апатының салдарынан 14 адам оқиға орнында қаза болды. Себебі жол-көлік оқиғасынан кейін автобус өртенген. Құрбан болғандардың саны нақтылануда. Қаза тапқандардың ішінде жүк көлігінің жүргізушісі де бар екені белгілі болып отыр. Бұған дейін жергілікті ішкі істер басқармасы оқиға салдарынан 25 адамның опат болғанын хабарлаған еді. Бірақ, нақтыланған мәліметтер бойынша, құрбан болғандардың саны қазір 14 адам делініп отыр. Мәлім болғандай, оқиға Петушинский ауданы аумағындағы Мәскеу ?Төменгі Новгород тас жолында орын алған. Бұл жолаушылар көлігі Мәскеуге бара жатқан.