Ресейдің Забайкал өлкесінде Су-25 ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Ресейдің Забайкал өлкесінде жоспарлы ұшу сапары кезінде Степь аэродромынан 60 шақырымдай жерде Су-25 УБ ұшағы апатқа ұшырады.
Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі және ақпарат басқармасының ресми өкілі В.Дрик хабарлады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, ұшақ экипажы катапульт жасап үлгерген, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.
«Ұшақ пен ұшқыштарды Ми-8 тікұшағымен шыққан құтқарушы экипаж тапты. Оқиға орнына жердегі құтқарушылар қызметі аттанды», деп хабарлады әскери ведомстводан.
Апат салдарынан жер бетінде ешқандай қираудың болмағаны хабарланып отыр. Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін комиссия құрылды.