Ресейдің журналистер одағы өз полициясын құрғалы отыр

МӘСКЕУ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат - Ресей журналистерінің одағы өз әріптестеріне жасалған қастандықтарды тексеру бюросын құруда.

Ресейдің   журналистер  одағы   өз  полициясын құрғалы  отыр
Бұл туралы Журналистер одағының бастығы Всеволод Богданов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Ресейде соңғы 10 жылда 257 журналист қаза болған, бірақ ол істер бойынша қылмыстардың тек 10 пайызының ғана беті ашылған.