Ресейдің Астрахань облысында бес адам белгісіз заттан уланып өлді

АСТАНА. KAZINFORM – Тергеу органдары бес адамның белгісіз заттан уланып өлуіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Астрахань облысының Тергеу комитеті тергеу басқармасының баспасөз қызметінен мәлім болды, деп жазады ресейлік ТАСС.

Астрахань
Фото: ТАСС

«Бес адамның өліміне байланысты РФ Қылмыстық Кодексінің 109 бабы, 3 бөлігі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамды өлтіріп алу) қылмыстық іс қозғалды»,- делінген хабарламада.

Астрахань тұрғындары өлімінің алдын ала себебі - белгісіз заттан улану.

«РФ ТК Тергеу басқармасының баспасөз қызметі сонымен қатар Астрахань облысына жақын орналасқан қала мен аудандардың 14 тұрғынының ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Олардың 11-інің жағдайы ауыр және қазіргі уақытта ауруханада жатыр», - делінген хабарламада.

Тергеу органдарының нұсқасы бойынша, 2024 жылдың 9-шы мамыры күні Советский және Трусовский аудандарының бірнеше жерінде және көлік ішінде 18 бен 40 жас арасындағы әйелдер мен ерлердің денесі табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы да есірткін тұтынған.