Ресейдің Атыраумен шекаралас өңірінде африкалық шошқа обасының ошағы анықталды

 Астрахань облысында есірткіден жаппай улану оқиғасы тіркелді
Фото: pixabay.com

Атырау облысымен шекаралас қоныстанған Астрахань өңірінде жұқпалы екі аурудың ошағы анықталып отыр. Аурудың бірі – бруцеллез, екіншісі – африкалық шошқа обасы, деп хабарлайды Kazіnform.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахань облысы бойынша бас басқармасы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың туындауы мүмкін екенін ескертті.

«Астрахань облысының Приволжск, Енотаев және Харабалин муниципалды аудандарында мүйізді ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды. Ахтубинск муниципалды ауданының аумағында африкалық шошқа обасының ошағы анықталып отыр», - деп хабарлалы Астрахань облысы бойынша бас басқармасы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы мен Ресей арасындағы сауда айналымы 30 млн АҚШ долларына жуықтағанын жазған едік.

Биыл Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мен Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин 2023-2026 жылдарға сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту жөніндегі құжатқа қол қойды.

Әкімнің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар айында Атырау облысының Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы 29,7 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт – 6,2 млн, импорт көлемі 23,5 млн АҚШ долларына жеткен.

Соңғы жаңалықтар
telegram