Ресейдің Камчаткасында ер адам әйелді кепілдікке алды

полиция
Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Петропавловск-Камчатский қаласында ер адам әйелді кепілдікте ұстаған. Бұл туралы Камчатка өлкесі Бірыңғай ституациялық-мониторинг орталығының Telegram-арнасында жазылған, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«Камчатка өлкесі ішкі істер органы Петропавловск-Камчатский қаласы, Кроноцкая көшесі 12-ші үйде ер адамның әйелді кепілге алып, оны өлтіремін деп қорқытқан»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада ер адамның билік өкілдерімен келіссөз жүргізуден бас тартқаны, осыған байланысты полиция шабуыл ұйымдастырғаны айтылады.

Кешірек ситуациялық орталықтың Telegram-арнасында құқық қорғау органдарының әйелді босатқанын және оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын жазған.

«Ер адам ұсталды, зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар