Ресейдің Түмен облысында Есіл өзеніндегі су деңгейі 1051 см-ге жетті

Ресей су тасқыны
Фото: Донат Сорокин/ ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – Түмен облысындағы Түмен қаласы маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі таңғы сағат 08:00-де (жергілікті уақытпен сағат 06:00) 1051 см-ге дейін көтерілді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Бұл туралы аймақ басшылығының ақпарат орталығынан хабарлады. 

Ильинка елді мекенінде Есілдегі су деңгейі бір тәулікте 12 см-ге төмендеді. Абатский, Стрехнино және Коркино елді мекендер аумағында су деңгейі жарты метрден астамға көтерілді. Сонымен қатар Ертіс өзенінде де су деңгейі көтеріліп, Уват және Демьянское елді мекендерінде тәулігіне сәйкесінше 75 см және 65 см құрады.

20 сәуірде сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша, Есіл маңындағы су деңгейі бір мезгілде 1006 см-ге дейін көтерілген. Бұл ретте бір тәулікте су деңгейі 140 см-ге өсті. 

Бұрын хабарланғандай, Ресейдің Түмен облысында су тасқыны болуы мүмкін аумақ айтарлықтай ұлғайған. Тұрғындарға бөгет бұзылу қаупі туралы да ескертілді.

Соңғы жаңалықтар