Ресейге 47 тонна сыра өткізбек болған азамат ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - Ресей шекарасында 47 тонна сыра контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Хабарламада айтылуынша, Павлодар шекара жасағының «Қосақ авто» өткізу пунктінде «КамАЗ» жүк көлігімен үлкен көлемдегі алкогольдік өнімді Ресейге өткізбек болған 35 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.

Көлікті тексеру кезінде 17 тонна құйылмалы сыра және жалпы салмағы 30 тонна болатын 0,5 литрлік 60 мың бөтелке сыра анықталған.

Сонымен қатар Қазақстан-Қытай шекарасында тері бұйымдарын заңсыз өткізу қылмысының жолы кесілді. «Қорғас» өткізу пунктінің жасағы Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығынан Қазақстанға 144 дана тері киімдерді өткізбек болған 52 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.

Соңғы жаңалықтар