18:27, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ресейге әкелінетін автокөліктерге баж салығын көтеру жөніндегі жарлық күшіне енді
МӘСКЕУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат – Ресейде дүйсенбіден бастап елге әкелінетін шетелдік жеңіл және жүк машиналарына баж салығын көтеру жөніндегі шешім күшіне енді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Шетелдік автомашиналарға баж салығын арттыру арқылы өкімет орындары отандық автомобиль өндірісіне қолдау көрсетуді көздейді.