Ресейге экспортталатын көмiрдiң көлемi азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейге бағытталатын қазақстандық көмiрдiң экспорттық көлемi азайды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев мәлiм еттi.
"Бiз былтыр 112 млн. тонна көмiр шығардық. 2030 жылы 100-120 млн. тонна дәлiзiнде қалуды жоспарлаудамыз. Бұл 2030 жылға дейiн көмiр жылу электростансаларының негiзгi ресурсы болып қалатынымен байланысты. Бiрақ дегенмен биыл Ресейге экспортталған көмiрдiң көлемi 30 млн. тонна көлемiнде болды және ол төмендей бастады", - деп атап өттi ол.
Оның сөзiне қарағанда, ұзақмерзiмдi кезеңде жаңа сатып алушыларды қарастыру қажет. "Бiз ұзақмерзiмдi кезеңде экспорттық мүмкiндiктердiң жаңа жолдарын iздестiру қажет. Бiз Еуропаға, Қытайға және өзге де нарықтарға шығатын экспорттық мүмкiндiктердi қарастырмақпыз", - дедi вице-премьер.