Ресейге келген мигранттардың төрттен бір бөлігі Мәскеуде тұрады

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Ресейге келген мигранттардың төрттен бір бөлігі - 800 мыңға жуық адам Мәскеуде тұрады. Мұндай мәліметтер Мәскеу қалалық думасындағы саяси партиялар қоғамдық кеңесінің отырысында келтірілді, деп хабарлайды РБК.

Ресейге келген мигранттардың төрттен бір бөлігі Мәскеуде тұрады

Мәскеу саяси партиялары аймақтық бөлімшелері өкілдерінің пікірінше, астанадағы көші-қон жағдайы келушілер санының үнемі өсуімен сипатталады, бір мезгілде астанада шамамен 800 мың шетелдік азаматтар болады. Бұл ретте келушілердің едәуір бөлігі тіркеуден өтпеген.