Ресейге қырғыздарды тасып бара жатқан автобус ішінде жолаушылар орындығы жоқ болған
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Елордаға жақын «Қызылжар» бекетінде сәрсенбі, маусымның 9-ы күні Ресей Федерациясына маусымдық жұмысқа Қырғызстан азаматтарын тасымалдап бара жатқан шағын автобус ұсталды.
Автобус 8 орындық болғанымен, оның ішінде 14 адам болған және де отыратын орындықтар жоқ болып шықты. Бұл туралы елордалық жол полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған факті бойынша жүргізушіге- жолаушылар тасымалдау ережесін бұзғаны және көлік ішіне рұқсатсыз құралдар орнатқаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды, делінген баспасөз орталығының бейсенбі, маусымның 10-ы күні таратқан ақпаратында.