Ресейге патрондар өткізбек болған азамат қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасында оқ-дәрілерді құжатсыз жасырып өткізуге тырысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Петропавл шекара отрядына қарасты «Қызылжар-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды «Субару» автокөлігімен елімізден Ресейге қарай сапар шегіп бара жатқан 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
Қызметтік иттің көмегімен жүргізілген шекаралық тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан 12-ші калибрлі аңшылық мылтығына арналған 47 дана патрон табылды.
Аталған дерек бойынша жергілікті Қызылжар аудандық ІІБ хабарландырылды.